Махамбеттiң құрметiне Атырауда өткен айтыста бас жүлдеге тiгiлген желмаяны әйел ақынға берiптi қазылар. «Батырдың жүлдесiн қатынға бергендерi несi?» –деп, жiгiттер ренжiсе керек.
Сонда Баянғали:
Ақылды жеңер кейде сезiм дуда,
Айтылмай қалды-ау талай сөзiм тура
Аруағы Махамбеттiң қолдай жүрсiн,
Түйеңдi неғыламын, өзiм бура!–деген екен.
Б.Әлімжанов