Әкесi Тақан ақсақал қайтыс болғаннан кейiн Баянғали қыздарыҚұралай, Ақмарал мен Ақкенжеге:
«Ендi сендер менi еркелетiң-дер!
Менiң әкем жоқ, сендердiң әкелерiң бар!» –деген екен.
***
Баянғалидың баласы Нұрлан мен оның достары Бейбiт пен Азамат мектепке барған жылы жөндеп оқи алмай, жиi-жиi екiлiк баға алып жүрiптi. Әрине, оларға шешелерi ренжiп, ұрсады. Сонда Баянғали: «Дұрыс, айналайындар, алғашқы кезде екiнiң бәрiн алып алыңдар, екiлерi бiткен соң мұғалiмдер өздері-ақ төрт пен бестерiн қояды!» –деген екен. Шынында да бiраздан кейiн балалардың оқулары жөнделiп, тәуiр бағалар алатын болыпты.
Б.Әлімжанов