«Ақын» – деген ардақты ат,
Шынайы сезім – Қыраны!
Күллі жұртты серпілткен,
Оның жазған жыр-әні!
Шынайы талант, шын ақын,
Кемеңгер ойдың иесі.
«Халқым» деп соққан жүрегі,
Күллі әлемнің киесі.
Іңкәр көңіл, тың сезім,
Асқақтай түскен арманы.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Халқына жырын арнайды.
Еркін тыныс, ер көңіл,
Серілік бар бойында.
Жыр бұлағын ағыту,
Әмәнда оның ойында.
Халық үшін қайғырып,
Болашағын ойлайды.
Сөйте жүріп шын талант,
Жыр жазуын қоймайды.
Өмірден ерен нәр алып,
Жыр нөсерін селдетер.
Өрнегімен өлеңнің,
Көңілді ылғи көл етер.
Қалдыбек Сейтенов