Аш қоғам

   Аудандық «Қазақ  тiлi»қоғамының  Болат  Бекенов  бастаған қызметкерлерi бiржағытворчестволық кеш өткiзу, бiр жағы «Қазақ  тiлi»қоғамына  қаржы  жинау мақсатымен  ХХIII партсъезд атындағы совхоз орталығы Баймырзаға Баянғалиды алып барады. Бiраз әңгiме, өлең айтылып, кеш аяқтала бергенде, ақын былай дептi:

Ағайын, ажарыңды көрiп тұрмыз,

Бар ғой деп азаматтар сенiп тұрмыз.

«Қазақ тiлi»қоғамына ақша сұрап,

Алдыңа төрт қайыршы келiп тұрмыз!

Ағамыз Болат деген бас қайыршы,

Қасында Төлеу деген жас қайыршы,

Бүгiнгi «Қазақ тiлi»қоғамдары

Өмiрi тоймайтұғын аш қайыршы!

Көп шаруа болмай тұр ғой ойдағыдай,

 Жүрмiз-ау жол iздеумен толғанып-ай.

«Қазақ тiлi»қоғамдарын өз жерiнде

Дариға-ай, қайыршы ғып қойғанын-ай!

Бұл сөзге әрi күлiп, әрi күрсiнген совхоз директоры Есiмбек Махметов, селолық совет төрағасы Амандық Ахметов, бас зоотех-ник Кеңес Мұқатов ақылдасып келiп, «Қазақ тiлi»қоғамына бес мың сом ақша аударыпты.Сонда Баянғали:

Совхоздың директоры Махметов,

Селсәбет төрағасы

Ахметов, Аудандық

«Қазақ тiлi»қоғамына

Аударды бес мың теңге рахым етiп!–деген екен.

                              Б.Әлімжанов

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *