1993 жылы Еңбекшілдер ауданының әкімі Қызыр Ыбырайұлы Жұмабаев облыс әкімі болып тағайындалған соң, аудан активін, ел ақсақалдарын жинайды. Сол жиынға келген Баянғалиға бір топ ел азаматтары: «Ал, ағаңасен айтпасаң, басқа ешкім айта алмайды, қазір өзінің орнына бірінші орынбасары Боргульді қойып кетуі мүмкін. Біздің Боргульге жамандығымыз жоқ, жақсы жігіт, бірақ Біржан атаңның ауданын өзіміздің қаракөз басқарғаны жөн ғой! Осыны бірдеңе ғып орындат ағаңа!»–дейді. Содан, жиналыс басталып, бірнеше адам сөйлегеннен кейін,кезек Баянғалиға тиеді. Облыс, аудан,шаруашылық басшылары қатысып отырған ресми жиналыста ақын домбырасын алып, өлең-детіп қоя беріпті:
Құттықтап келді міне ел қасыңа,
Үміт пен міндет артып ер басыңа,
Қызаға, құдай қолдап әкім болдың,
Абылай, Кенесары ордасына!
Келіп тұр бүкіл аудан өзіңді іздеп,
Қызырға алғыс, баға береміз деп,
Еңбегің сіңген мына ауданыңды,
Бүгінде басқарудан дәмелі көп,
Өзіңіз облысқа өскеннен соң,
Орныңа кім келер деп зәреміз жоқ!
Еліңді сүйсең,аға, жүрегіңмен,
Ел сені тастамайды тілегінен,
Атығай басқарған соң облысты,
Әкімі бұл ауданның болу керек
Керей мен Қарауылдың біреуінен!
Сақтасын құдай сізді іс-қатадан,
Әкімді қоясыз ғой жақсы атадан,
Өзіңізоблысты ұстаған соң,
Әкімді қойып жүрме басқа атадан!
Ақын өлеңін осылай бітіргенде,жиналған халық дүркірете қол соғып, кейбір ақсақалдардың көзінен жас шығып кетіпті. Содан, жиналыстың соңында Қызыр Жұмабаев елге рахмет айтып, интернационалдық достық жөнінде сөз қозғап, бірақ аудан әкімін тағай-ындамай,жиналысты бітіріпті. Осыдан біраз уақыт өткен соң Ең-бекшілдер ауданының әкімі етіп Кеңес Мұқатовты (Қарауыл, осы жердің тумасы) тағайындаған екен.
Б.Әлімжанов