Аталмай аты қалмас-ты..

2014 жылдың 16 қазанында алпыс жасқа толған Баянғалиды ағайын-туыс, дос-жаран,қазақ,қырғызоқырман-көрермендері қызу құттықтап жатқанда,туған жері Ақмола–Көкшетаудың,тұрған жеріАстананыңресми билік өкілдерінен,Жазушылар одағынан,баспасөз құралдарынан еш хабар болмапты. «Халқым үшін қызмет қылам қалтқысыз, мақтамаса мақтамасын бізді ешкім»деп жыр жазған,осы жылы бірнеше жақын адамдары қайтыс болып, көңілі қаяулы жүрген ақын біраздан соң былай деген екен:

Талғамның көріп талқысын,

Қияда жырым қалқысын,

Асқарым болдың айтулы,

Атаусыз кеткен алпысым!

Өнерім менің алмас-ты,

Асылға өткенжалғас-ты,

 Алты ауыз сөзін қия алмай,

Бастықтар да, БАҚ-тар да

Апырмай,неден алжасты,

Аруағы барда Алаштың

Аталмай атым қалмас-ты!

Б.Әлімжанов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *