Арабша мен қазақша

      Баянғалидың жездесі Ұғыш қақаған аязда Кеңащыдан Тассуға жете алмай,балдызының үйінде бөгеліп қалса керек. Бір кезде қалтасынан бір қағазды суырып алып, бір дұғалықты самбырлатып оқи жөнеліпті. Арабшаға тілі жөнді келмесе де, бұзып-жарып қай-та-қайта оқи беріпті.

 –Иә, жезде, не оқып жатсың? –деп сұрайды балдызы. Жездесі жымың-жымың етіп, жауап беріпті:

–Зейнолла молдадан екеуміз де жолда көп жүреміз ғой деп, әдейі қолқалап жаздырып алдым. Осыны оқи берсең, Құдай тағала көлік кездестіреді деп еді!

Сонда Баянғали:

–Дұрыс қой, бірақ тіліңді бұрап, жаныңды қинағанша, қазақша тілей бермейсің бе? Алла тағала қазақша да білетін шығар!–деп, жездесін Шайдолла құрдасының «Беларусь»тракторына мінгізіп қоя беріпті.

           Б.Әлімжанов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *