Академик Жабайхан Әбділдин зайыбымен Степнякқа келіп, Біржан сал бейітіне барыпты. Дәл сол мезетте зират ішіне екі-үш бұзау кіріп,оттап жүр екен. Оған облыс әкімі Қызыр Жұмабаев қатты ренжіпті. Сонда Баянғали:
Зиратқа түскен екен тәмам бұзау,
Апырмай, бұлар неткен жаман бұзау,
Академик келгенін қайдан білсін,
Қараңғы, оқымаған надан бұзау!–деген екен.
Жұрт ду күліп, жадырап, ақынның жырларын тыңдапты. Ака-демик ағасына әзілдеп:
Жабайхан аға, жалықпай,
Ойыңмен сүздің тереңді,
Аристотель, Платон,
Демокрит, Фараби,
Иммануил Кант пенен,
Спиноза, Гегельді,
Маркстен кейін қадалып,
Тексерген сенсің, Жабеке,
Диалектика дегенді,
Орысша да қазақша
Ағыла сөйлеп кеткенде,
Тыңдайды жұрт тамсанып,
Өзіңдей шешен өренді!–деген екен.
Б.Әлімжанов