Көкшетаудағы демалыс паркінде балалардың тамашалауы үшін ертеде салынған үш айдаһардың үлкен мүсінін бір кәсіпкер-лер қиратып, орнына ресторан салыпты. Соны көрген Баянғали:
–Айдаһар айналасын жұтады дегенді естуші едік, біздің ағаларымыз айдаһарды да жұтып қойыпты ғой!–деген екен.
Б.Әлімжанов