1991 жылыЗайсанда өткен айтыста Баянғалимен айтысқан шығыс қазақстандық Меделхан Хасенова: Мен саған қолым түгілі, саусағымның ұшынан да ұстатпаймын! –депті әзілдеп. Айтыс үс-тіндеМеделхан өлеңдетіп, үкі сыйлапты. Үкіні алып тұрып Баян-ғали Меделханға ризшылығын білдіріп, сахнада бетінен сүйіпті. Орнына отыра сала,айтысты жалғастырып әкетіп:
Басымды туған елге иіп алдым,
Көңілге талай сырды түйіп алдым.
Саусағын ұстатпаймын деген қызды,
Үкісінсылтау қылып сүйіп алдым!–деген екен.
Сол үкіні Баянғали 2004 жылы айтысты қойғанша домбырасы-на тағып жүріпті.
Б. Әлімжанов