1984 жылдан берi айтысқа қатысып келе жатқан Баянғали тек қана 1991 жылы, елу сегiзiншi рет айтысқанда (Зайсанда) тұңғыш рет ат мiнiптi.
Сонда:
Болған соң басымда ми, жүрегiмде от,
Әрқашан толғанамын ұлы елiм деп.
Ұлы елiм маған мiне ат мiнгiздi,
Қашанғы Баян жаяу жүредi деп!
Рахаты қандайлығын сүйрелгеннiң
Бiлмеймiн, өйткенi өзiм сүйрелмедiм.
Құрметтеп, ат мiнгiзiп жатырсыздар,
Негiзi жаяу жүрiп үйренгенмiн!–деген екен.
Б. Әлімжанов