Баянғалидың көршiсi Молдабай Ресейдің Қорған қаласында сиырдың тілі қымбат дегенді естіп, ауылдағы сойылған малдың тілін жинапты.Оны көрген ақын көршілеріне: «Байқаңдар, Молдекең қорадағы сиырдың да тілін кесіп әкетпесін!»–дейді қалжыңдап. Содан, екі қап тілді арқалап, баласы Бауыржан екеуі Қорғанға сауда қылуға тартады. Ол кiсiнiң гаражында бiр ауылдасы-ның «Волгасы»тұрады екен. Поезға Баянғали «Жигулимен»шығарып салып тұрып: «Қайтарда хабарласыңыз, өзiм қарсы ала-мын», –дептi. Сөйтсе, ол жақтың да бағасы біздегі бағамен шама-лас екен, Молдекеңнiң саудасы онша мәз болмай, қайтарда хабар-ласпай, бiр күнi кешке жаяу-жалпылап жетiптi. Қылған саудасы-ның ең дөкейi –Баянғалидың әкесi Тақан ақсақалдың тапсыруы-менбiр пар жаңа галош алыпты.
Сонда Баянғали:
Жүрем десе қашан да жолға дайын,
Мiнем десе «Жигули», «Волга»дайын,
Қорғаннан екi кәлөш қолына ұстап,
Кешкiсiн жаяу кептi Молдабайым!–депті.
Б. Әлімжанов