“Өмір сүруді үйрене алмай келем мен…”

 
Таңертең тұрсам, таң қалып жатыр екенмін,
тылсым ойларға арбалып жатыр екенмін,
Құлазуатты құрдымға құлап кеткендей,
жылт еткен нұрға қарманып жатыр екенмін.
Сағыныш деген сағымға сіңген көш екен,
Көңілдің көркем күймесі тағы бос екен,
Жалғыз-ақ сүріп үйренген басым өмірді,
Екеулеп енді сүре алмағаны несі екен?
Бұл үміт деген екі дүниенің де есі екен,
Үр қызы менен Гүл қызын қалай дос етем?!
Әлемнің жанын сезе алған мынау жүректің,
Әйелдің жанын сезе алмағаны несі екен?!
 
Ерлан Жүніс

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *