Тірімін

Күннің көзінде,
Жердің жүзінде келемін.
Тірімін, Өмірге
Бар әлі керегім.
Көзімде мейірім,
Көңлімде өлеңім,
Бағым мен байлығым,
Адамға берерім.
Өлеңмен жұбатып
Дүние ғаламды,
Келеді бәрін де
Өлеңге бөлегім…
 
Б. Әлімжанов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *