Ақындар

Ақындар менің ойымша,
Жұп-жұмыр жердің жүрегі.
Жүректің үні жойылса,
Жер қалай өмір сүреді.
Таулар ше?
Сөмпек иықты,
Баулар ше?
Тартар күйікті.
Теңіздер шулап жылайды
«Ақындар жоқ қой сүйікті».
Білмессің таңның атқанын,
Сезбессің күннің шапағын.
Жаңбырдың жауып жатқанын,
Дүниенің сырлы мақамын.
Көкжиекке асып күн иегін.
Телмірер,
Жай жоқ күлетін.
Ақын жоқ,
Адам, дүниенің
Қос тілін қатар білетін.
Өзгеге бітпес ол жүрек,
Ақынның бәрі–ұлы ақын.
Дүниеге түгел елжіреп,
Сары майдай еріп тұратын.
 
Қази Данабаев

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *