ТӘРБИЕ АТАУЛЫНЫҢ ҚҰДІРЕТТІСІ — ӨНЕР

Адам өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген ұғымды, өмірінің жалғасы ұрпағымен келетінін білуі тиіс. Біреу бақытты байлықтан тапқысы келсе, біреу атақпен қызметтен іздейді. Адамға нағыз бақытты тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлайды. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. 
       Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата -ана алдында нәзік те қиын, қыр сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол — бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер -жанұяда тәрбие балаға сөзбен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңіреді.  Ата-ана бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез құлқындағы ерекшеліктерді жете білген жөн. Ендеше бала тәрбиесінде ұсақ түйек деген нәрсе жоқ және сәл нәрседен қателесуге де қақымыз жоқ. Бала-әр жанұяның бақыты. Олай болса өз бақытымызды бағалай білейік!!!
       

Сүлейменова Арнұр Өмірзаққызы;

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Әлшекей атындағы өнер мектебінің домбыра пәнінің мұғалімі. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *