ӨТІРІКТІҢ АТЫ – ӨТІРІК

 
Аппақ болып топ төрінде отырып,
Әп­әдемі сөз сөйлейді көпіріп,
Аузын жауып
Шыр­шыр еткен шыншылдың
Тырп еткенге
Тап­тап беріп, опырып,
Қисық ойды келтіреді қисынға
Ақиқаттан
Бір­ақ аттап секіріп,
Бірақ түбі
Шикілігін сезбейтін
Емеспіз ғой
Соншалықты соқыр ұлт,
Әшекейлеп
Аспанға іліп қойсаң да,
Өтіріктің аты
Бәрібір де өтірік!
 
Б. Әлімжанов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *