Неге сонша болдық екен өкпешіл,
Өкпелеуден басталмай ма көп кесір?
Бір өкпеге бір бауырдан қиғасын
Тозтоз болдық,
Шашылғандай шөпке шіл.
Өкпелей сап
Ойда жоқта тектентек,
Өткенді айтып
Жалғастырып кекке кек,
Жегідей жеп
Күйдірердей жақынды,
Бұл өмірге
Келіп пе едік өкпелеп?!
Қайтсем табам
Деп біреудің көңілін,
Қайран қазақ,
Өксітеді өмірін.
Сүйретумен
Келеді әлі өкпесін,
Өкпесімен
Шырмап алып бірбірін.
Мұны біліп
Сырттан баққан жымысқы,
Айдап салып
Араз қылған ұлысты.
Қылт ете қап,
Сәл нәрсеге сылт етіп,
Айырбастап жібереміз ұлы істі.
Өкпелеумен
Өртенсе егер өзегің,
Өксуменен
Өтеді өмір, сеземін…
Өз өкпеңді
Өзің кешір алдымен,
Өссін десең
Өз Отаның,
Өз елің!
Б. Әлімжанов