Ақшулан бұлттарға оранып
Қиялым кезеді ғаламды.
Көкшулан толқынның жалында
Аралап иесіз аралды,
Шұғыламен бірге шашылып,
Ну ормантоғайды,
Шатқал мен шыңдарды орайды.
Жолбарыс жанарымен
Жаһанды жымжырт қып,
Көжектің көзімен
Дірілдей қалады…
Не керек пәлсапа,
Қажет пе жанталас?
Көк аспан, көк теңіз,
Асқар тау, кең дала,
Дүние барында…