Шәймерден Дәуреновтің рухына
Шәймерденді Шахи дейтін достары,
Шахи еді, сахи еді – рас бәрі,
Ақын еді, жазушы әрі журналист
Демесеңіз бәйгеге өлең қоспады.
Тебіренсе тереңнен сыр ашатын,
Күңіренсе көзі жалын ататын,
Отар елдің атар таңы бар ма деп
Ауықауық ауыр ойға бататын.
ІІІұғыладан шуақ іздеп шыңдағы
Құса болған даланың ер ұлдары
Ағылтегіл ақтарыла шаттанды
Шыққан күні мемлекеттік тіл заңы!
Орнағанда ана тілдің теңдігі
Жылап тұрып, осы ғой деп ел мұңы,
Енді өлсем де разымын деп жыр жазып
Жол апаттан қаза болды сол күні!
Тағдыр – жұмбақ, талқылауға бола ма?
Сыя қоймас қағида мен санаға,
Қайран Шахи, атағандай өзөзін
Ана тілден кетейін деп садаға!