Шаршадым деме,
Шаршауға сенің хақың жоқ!
Шырылдап жүрсең шынымен егер халқым деп,
Азамат аз ғой алаңдауы көп Алашта
Болғанмен мұнай, көмір мен темір, алтын көп.
Лашындай жырлар шығадыау ұшып лашықтан,
Жасындай мінез көрінбес бірақ жасықтан.
Жан бағар кез бе жағаңнан жаһан алғанда
Жанкешті керек, иірер алшы асықты!
Баянғали Әлімжанов