ЧАК-ЧАГИ

 
Көтергенде өз басына шақтап үй
Телағаңда болған емес басқа күй,
Татар қызы Флюраға үйленді,
Күнде­күнде жеймін бе деп чак­чаги.
Шалқар сезім шарықтатып жас жанын,
Күндер өтіп секілді бір қас қағым,
Тельман аға сұрайды енді қайда деп
Қыз кезіңде күнде берген чак­чагың?
Жеңгей айтты: «Азаматсың жақсы атты,
Ақыл­ойың өз бойыңа шап­шақ­ты,
Білгенің жөн, Елубаев, татарлар
Тойда ғана пісіреді чак­чакты!»
Жіберсе де аузын өстіп ақ қылып,
Ағай сүйді жеңгемізді тақ тұрып,
Әрбір күні той емес пе адамның
Болса үйінде бақ­береке тәттілік!
Тұрса­дағы бауырсақ пен әзір ет,
Чак­чак сұрап қояды ағаң әзілдеп,
Тегін емес татар қызы – жиеншар,
Түп нағашы – Науан ата хазірет.
Хазіретті қазақ елі ойға алды,
Ойға алғаны бір арнаға жиналды.
Басын құрап, бітіп тұрған кітапты
Шығаруға қаржы таппай қиналды.
Қаржы деген бір қиямет бүгінгі,
Небір үміт үзілді де бүгілді.
Тығырыққа тірелгені шаруаның
Жиеншар қыз Флюраға білінді.
Ата­анасы көрген қуғын, қысымды,
Абзал жеңгем тарих жайын түсінді.
Атамыздың аруағы үшін қажетті
Қаражатты қалтасынан ұсынды!
Кітап шығып, жұрт жиенді жақтапты,
Матур қызды батыр қыз деп мақтапты,
Жақсы сөзден жақсы адамдар нұрланып,
Жегендей боп жүрсін күнде чак­чакты!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *