ТАМШЫ

 
Бұйырмаған бұлақ боп ағуға да,
Өзен болып мұхитқа баруға да,
Тамшылардың қолынан келетіні
Тырс­тырс етіп төбеден таму ғана.
Тама берсе түбінде тас теседі,
Төбеңнен тоқылдатса бас теседі.
Тама­тама бір жерді тесіп шығу
Тамшылардың тамаша басты есебі.
Дымы шықпай бұтаға бұққандарды
Тамшы құрлы қайраны жоқ деседі!
 
Б. Әлімжанов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *