СӨЗ БЕН ІС

 
Қысыр сөзге неге сонша болады екен жұрт үйір?
Қызыл тілде буын жоқ қой,
Сүп­сүйір!
Сынау оңай,
Мінеу оңай,
Даттай салу тіптен оңай барлығын,
Іс бітіру қиын бірақ бір түйір!
Ойланбастан жаға салып жаманды,
Оңдырмаймыз адамды,
Кінәлаймыз түгін қоймай қоғамды.
Бір түкіре саламыз­ау тәрк етіп
Қағынды деп заманды.
Аударамыз, төңкереміз, ол аздай
Жиып­теріп бір уысқа
Бүкіл шексіз ғаламды.
Мән үйрету адамзатқа оп­оңай­ау
Пеш түбінде отырып.
Жөндеу қиын
Аңғал­саңғал
Сықырлаған қораңды!
 
Б. Әлімжанов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *