Жанжағыңнан идея, сұрақ қаптап,
Таптап беріп сенімнен жырақтатпақ.
Андамында алақтап әлсіз пенде
Қалбалақтап құрдымға бірақ тартпақ.
Табанының бүрі бар сабырлылар
Елеске ермей иманнан тұрақ таппақ!
Өтірік қайсы, шын қайсы,
Аруақ қайсы, жын қайсы,
Мәні бар ма өмірдің
Тірліктегі құн қайсы?
«Неге? Неге? Неге?» деп,
Өз миын өзі шегелеп,
Адамзат әлек болғанмен
ЖерАна жылжып барады
Жайымен ғана дөңгелеп!
Баянғали Әлімжанов