ЖҰМБАҚ ЖЕР

 
Бұлт басса Бурабайды шудаланып
Шуылы төңіректің тына қалып,
Көк бояу қоюланып қорғасындай
Мүлгиді тау мен орман мұнарланып.
Күлімдер көлдің беті, жердің жүзі,
Жарқ етсе күннің көзі, шуақ алып.
Қарғыса қарағайдан көк қаршыға
Теңбіл тас еліктей боп бұғары анық.
Тұмсығы тұнжыр ойға батқан піл тас
Қалайша қона қалған шыңға барып,
Сақалы желп­желп еткен Жеке батыр
Көсілген көк найзасын суға малып.
Бауырына тарта түсіп ақ қайыңды
Қарағай бойын созған құмарланып.
Тамсанып талай ақын толғасақ та
Жұмбағын жаратқанның ұға алмадық!!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *