Адамдар ұсақталып барады. Бойдан да, ойдан да. Мұны көр қазғандар, мүрдені ашқандар айтардай -ақ айтып жүр… Еркіндік қана бойға кеніш, ойға өріс. Қорқақтар көбейген сайын ергежейлердің есеп- саны арта түспек. Ұсақтық – ойдың өлшемі, қорқақтық – бойдың өлшемі. Қортықтың түбірі – қорқу, үрейдің түбірі – үрку. «Үрейдің көзі үлкен». Мысалға Үкіні алыңыз. Қорқыныштың құлағы үлкен. Мысалға Қоянды алыңыз. Үкі көзді, қоян құлақты пенделер көбейген сайын қоғамнан ырық, за-маннан сұрық қашады. Қайран, Еркіндік -ай! Ендігі ұрпақтың еншісіне емес, ертегісіне айналмасаң етті?.
И. Сапарбай