Бірде маған лауазымы зор кісі
Бар әлемді кеп тұратын шолғысы,
Бұл заманға жүрмес дейді өлеңнің
Қарапайым, қазақылау пормысы.
Бүгінгінің ақындары келеді
Бұқар емес, Бродский болғысы.
Арынды өлең сыя қоймас қалыпқа,
Жасық өтпес қайрасаң да шарыққа.
Өлең ортақ адамзатқа десек те,
Алдымен ол керек туған халыққа.
Біз емеспіз бұғып өскен бетегең,
Бой таласар жөн жоқ деме Гетемен.
Артық емес алыптары әлемнің
Кемеңгер шал Тұрмағамбет Кетеден.
Көп болғанмен өмірде олпысолпысы,
Өлеңізер секілді қыз шолпысы.
Ата жырда аруағы бар қазақтың
Ұғар ма екен, ұқпас па екен сол кісі?!
Б.Әлімжанов