Жалған дедік,
Дүниені сұм дедік.
Арзан дедік,
Адамдарды құм дедік.
Жалмай бердік сүйдедік те жанжақты
Біз не деген қанағатсыз жынды едік!
Қу құлқынның құрдымына түстің бе,
Бітер кезі болдыау қандай істің де?
Қайтер еді бар адамзат келісіп
Жанталасты доғарса бір үш күнге?!
От алдырмай қойса барлық көлігін,
Тыйса түгел жын ойнағын, желігін,
Шүкірлік қып, ойлар кешіп дем алса,
Күпірліктен аулақ салып көңілін.
Тазарар ма жердің күңгірт келбеті,
Азаяр ма ауаның да мың дерті,
Тәуба десе жазылатын сияқты
Өзі тапқан ынсапсыздық індеті!
Б. Әлімжанов