Антон Чехов

Чеховтың «Үлкен Володя мен кіші Володя» әңгімесінде Софья Львовна Тәңірге былайынша тән береді: «Алла барда өлімнің ерте ме кеш пе бір келері хақ. Олай болса кеудеңдегі шыбын жаныңның да жай- күйін ойлау керек шығар. Сонда қалай, монастырға барудан өзге жол жоқ па? Ал оған бару дегеніңіз өмірден ерте баз кешу емес пе?..» Еріксіз ойға қаласың. Алла барда өмір бар, өмір барда өлім бар. Адамға берілген енші екеуінің арасы. Аз ба, көп пе? Мұны қазақ «қамшының сабындай» немесе «бес күндік жалған» дейді. Бұған «өлшемді өмірді» қосыңыз. Сонда біздің «жарық дүние», «тіршілік» деп ырғап -жырғап жүргеніміз екі мемлекеттің арасындағы «Бейтарап жердей -ақ» екен ғой?.. Осыны біле тұра өмір-бақи өлмейтіндей болатынымыз неліктен? О дүние мен бұ дүниенің арасы алты айшылық жол болса бір сәрі- ау!.. Арып- ашатын, азып -тозатын, қаталап шөлдейтін… Демек, біз Жанның емес, Тәннің қамын ғана ойлайтын бейшара- бейбақ болып шыққанымыз ғой? Ал Софья қыз Тәнді ауызына алмайды, бүгін болмаса ертең өзін Алла ауылына алып ұшатын ғазиз Жанның жай-күйіне алаңдайды. Онсыз да қас қағымдай және бір- ақ рет берілетін жарық дүниесін қас-қабағынан басқа жағын тұмшалаған монастырға қалай қисын қыз бала?! Аз болсын, көп болсын, біздің «саналы ғұмыр» деп жүргеніміз осы шығар, бәлкім…

И. Сапарбай

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *