Өткенде де өтірік пен шындық жеткілікті. Бір ғана мысал: Гитлер әлемдік соғысты ашып қана қойған жоқ, жебірей жұртына жебір-обыр жұт болды. Тіпті, нәпсісі-не нәпақа, еншісіне еркетотай Ева бұйырса да. Содан да болар, Гитлер десе жөйітіңіз әлі күнге жөндеп ұйықтай алмайды. Ал Сталин ше? Мүштекті бұл мүттәйіміңіздің де, әсіресе, мұсылман жұрты дегенде мұрты мен құр-ты қоса жыбырлап, жыны ұстай жөнелетінін кім біліп, кім елемеп еді?! Қап тауының қапталындағы қай ел қан кешіп, қайғы жұтып, дүние дүрбелеңіне ұшырамап еді? Атамекенінен ауа көшкен ел-жұрттың көз жасы мен көкі-рек шемені кімнің мойнында? Тұтас ұлт-ұлыс рухының жер болып, жетімсіреуінен артық қандай қасірет болушы еді?! Қарғыс, нала кімді қабірінде тыныш жатқызған?.. Атам қазақтың “көріңде өкіргір…” дегені бұл орайда кім-ге қаратып айтылғанын өзіңіз-ақ аңғара беріңіз. Түркіні түрткілеп, мұсылманды мұқатудың аржағында не жатыр деп ойлайсыз сонда? Үңіле білгенге, мұның жауабы тарихта…
И. Сапарбай