Ән мен өлең – жүректің егіз перзенті. Бірінсіз бірінің күні жоқ. Екеуі де сұңғыла сұлулыққа, әлеміш әсемдікке құмар, құштар, іңкәр… Біреуі көзден сәл таса болса, екіншісінің қабағына қар қонады, кірпігіне кірбің ұялайды.Өлеңнің өз басында да көлденең көзге шалына бер-мейтін, тек оқығанда ғана ойға қанат, көңілге қанағат сыйлайтын ғажайып та тылсым әуен, саз, иірім бар. Оның сөзбен айтып жеткізгіссіз рахаты да, ләззаты да осында. Өлең тағдырын танымайтын, тілін ұғынбайтын жандар осының бәрінен сырт екі ғұмыр кешеді. Қандай өкінішті һәм аянышты?!
И. Сапарбай