“Үнсіздік – ең ескі әдіс” деген сөз бар. Онсыз да ішқұста адамды үндемей өлтіруге болады. Жаңғырық – Үнсіздіктің жанама, жадағай баламасы ғана. Әсіресе, жапандағы жаңғырық! Абайдың: “Жартасқа бардым, Күнде айқай салдым Одан да шықты жаңғырық…” дегені осыдан. Жаңғырықта тілсіз, тылсым үрей бар. Ал Үнсіздік – дүние дүмпуінің алғышарты. Айтсаң да, жазсаң да, сөйлесең де, үйдесең де, бүйдесең де… үн қатпайтын біздің Билік те бір, қара жартас та бір. “Ең ескі әдісті” қай кезде жөн көріп, қай кезде меңгеріп алған бұлар? Ескі әдістің жаңа әдетке айналғанынан жаман нәрсе жоқ екен!
И. Сапарбай