Кімнің басына іс түспейді, кімнің тағдыры тәлкекке ұшырамайды… Асанбай Асқаровты айыпқа тарту жөнін-дегі қат-қат қағаз, том-том құжаттардың бірінде әлемге әйгілі ұлы Мұхаңды “Мұхтар Әуезов деген бір ақын…” деп сүйкеген екен. Оны жазған кім дейсіз ғой? Кәдімгі, “тергеу ісінің архитекторы” атанған “түкірігі түйме ал-тын, қақырығы құйма алтын”, кеңес дәуірінің кербестісі, тегеурінді тергеуші В.И.Калиниченко! Мұхаңды “ақын” деп жүрген мықтыңыз нақ осының өзі! Неткен надандық, неткен ақикөз астамшылық десеңізші?! “Ұсақ” ұлттың ірісі де, тірісі де, ұлысы да оның көзіне көбелек құрлы көрінбеген-ау, шамасы. Біздің “сауатымызды ашып, көкірегімізге сәуле құйған” өркениетті ел өкілінің сықсима сиқы осындай! Күлесіз бе, жылайсыз ба?
И. Сапарбай