“Время подлецов и поэтов…” Орекем де оңдырмай айтып салады-ау, бет-жүзіңе қарамай! Сол айтқандай, біздің қазіргі ахуалды “Қалталылар мен қаңғыбастар қауымы” десе, қатып кеткелі тұр. Қаңғыбастарды (ақындар) қайдам, Қалталылардың қатары адым сайын, күн сайын “подлецтермен” көбейіп келеді. Айырмашылығы сол: қалталы тексіз, ақын епсіз. Қалталы көлікті, ақын көнікті. Қалталы толық, ақын арық. Ары қарай тізе беруге болар еді, бірақ әлеуметтік жаратылысы жағынан екеуі бір-бірі-нен алшақ емес – қалталы да қазақ, ақын да қазақ. “Қазақтың жауы – қазақ”… Осыны кім айтып еді, құдай-ау?..Жә, жетер, қайдағыны қаузай беріп қайтеміз, “дүмше-патрлер” тағы да дүрсе қоя берер. “Бір елі ауызға екі елі қақпақ” деген…
И. Сапарбай