Қазақы пошым

Кейде ойлаймын: “Осы қазақтың Алла алдында да, адамзат алдында да нендей жазығы бар?” деп. Көңілі даладай, мінезі баладай. Аузынан әні, дастарханынан дәмі үзілмейді. Бір асым етінен бастап бір атым насыбайы-на дейін қонағының аузына тосып отырғаны. Жақынын жатқа қимайды, құдасын құдайындай сыйлайды. Даласы да кең, тобасы да мол. Не керек, бәрі де бар. Талай ел тақырда отырып та талқанын тауып жеп жүр ғой… “Отаршылдың озбырлығы” дедік, “Кеңестің кесірінен” дедік, жарайды. Енді бізді кім кешірер? Аса бір нәуетек нақұрыс, намақұл ноқалай болмасақ, ес жинайтын кез келді емес пе? Бағзыбіреулердің: “Бесіктен белді енді шешіп жатырмыз емес пе, әлем алпауыттарының алдын-да біз деген әлі баламыз ғой, баламыз…” дегеніне қара-дай қаным қайнайды. Құдай-ау, қашанғы бала, қашанғы шала күй кешпекпіз? Қазақ қазақ болғалы қай заман?.. Ал жарайды, бала екенбіз делік, сонда деймін-ау, айнал-дырған аз ғана жыл ішінде жәмижаһандық жаһилдікті, жалдаптықты, жамандықты қалай бойға жұқтырып ала  қойдық? Жетесіз жемқорлықты, ордашыл озбырлықты, отаусыз обырлықты, матаусыз мафияны айтам да…“Қайырымсыз қауым, мейірімсіз патшаға Алла таға-ланың рахымы бұйырмайды” деп хадисте айтылғандай, ана жатырында бала, бала бақырында бәле жасырынып жатқан жоқ па екен осы?..

И. Сапарбай

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *