Қазақтың өзге жұрттан сөзі ұзын

Өтпейтін нәрсе көбейген сайын құнсызданады. Жет-пейтін нәрсе азайған сайын қымбаттайды. Біздегі өтпейтін нәрсе – Сөз. Абай айтпақшы: “Қазақтың өзге жұрттан сөзі ұзын” болғандықтан. Нұсқалы сөз қашанда – қысқа, тұспалды сөз қашанда – ұзын.Тағы бір жетпейтін нәрсе – Ұят. Ұяттың құны қазір аспандап, шығандап кетті. Жерге түспей тұр. Жерге түссе, бәлкім, қолмен ұстап, көзбен көрер ме едік. Көріп қана қоймай: “Үйбүй-ай, мынау, кәдімгі, өзіміздің Ұятымыз екен ғой, мұнсыз қалай өмір кешіп келгенбіз, ұят-ай?..” деп Тәңірімізді танып, тәубамызға келер ме едік. Әй, қайдам, кетіп қалдық-ау біраз жерге… ұятсыз…

И. Сапарбай

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *