Қазақтың тойдағы лепірме, көпірме сөзін кешіруге болар, бірақ кісі қазасына жайылған азалы дастарқанда асынып-тасынып, ауыздыға сөз бермеуін қалай қабыл-дарсың? Сөздің парқы мен нарқы сөйленер жеріне орай-лас, қарайлас болмаушы ма еді? “Қазақтың өзге жұрттан сөзі ұзын” дегенде Абай мұны мақтан үшін айтпаған шығар-ау…
И. Сапарбай