Қабыл мен Әбіл

Қабыл Әбілді өлтірді. Жұлын құрттай зұлымдық осы күннен басталып бүгінге жалғасты. Таң атып, Күн шығары кәміл болса, ол ертең де дүйім дүниені алатайдай арандата бермек.. Қабылдың қатігездігі асқынды. Есесіне Әбілдің азасы артты. Дүние қақ бөлінді. Адамзат ала-құла. Зұлымдық төске өрлеп, басқа шапты. Батыс-Қабыл Шығыс-Әбілді аямауға айналды. Қансыраған Шығыс жан сұраған халде Хақ тағаланың жүзіне жалынышпен жалбарына қарайды. Мінәжаты аузында, мұң-азабы көзінде. Алла үнсіз. Үнсіздік созылған сайын жанды үрей билейді. Үрейдің көзі үлкен. Күн бүгін де қызарып батты. Батыс ішін тартып тұр, Шығысты жалын шарпып тұр….Қабыл Әбілді өлтірді. Батысты Елес, Шығысты Әруақ кезіп жүр. Ертең не болар екен?..

И. Сапарбай

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *