Тәртіп тәлімі

Әмір Темір былай дейді: “Басында алтын толы табағы бар бала оның нәйеті тарыдай түйірін ұрлатпай, түсірмей мен құрған ұланғайыр мемлекеттің о шеті мен бұ шетін жаяу аралап шыға алады. Мен орнатқан тәртіптің тағылымы мен тиянағын, міне, осыдан-ақ біле беріңіз”. Иә, тәртіп бар жерде артық нәрсе жолда жатпайды. Үлкеннің де, кішінің де нәпсі тежегіші – ұлы мәртебелі Тәртіп! Үйрене білгенге үлгі, жирене білгенге нәкәстік жетеді. “Өзі болған қыз төркінін танымастың” керін келтіріп жүрсек, сөз басқа.

И. Сапарбай

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *