Бір кембағал кісі түс көріпті. Түсінде түйенің құмала-ғын қазанға салып қуырып жатыр екен… Ұйқысынан ояна салып түс жорушының алдына барыпты. Ол болса:– Бір мір берсең, түсіңді ап-анық жорып беремін, – депті. – Ойбай-ау, бір мірім болса түйенің құмалағында нем бар, балық тұрғанда? – деп күйіп-пісіпті кедей байғұс.
И. Сапарбай