Театр тағдырын түсінбей-ақ қойдым: сахнада әртістер өзін-өзі ойнайды, залда адамдар өзін-өзі көреді. Өзін-өзі ойнайтындар дана болғансиды. Өзін-өзі көретіндер бала болғансиды. Күледі, жылайды, мұңаяды, қайғырады… Бар болғаны бірер сағатқа. Алданады, алдарқатады, жұбатады, жұбанады… Бар болғаны бірер мезетке. Сонсоң екеуі екі жаққа тарайды. Қызық…
И. Сапарбай