Тамаққа тәбеті

Қазақтың тамаққа тәбеті тақуаның намазға ұйығанындай, іштегі жыланның басын кері қайтарғанша құлқы бері бұрылмайды. Арғы-бергімізге көңіл аударып, көз салсақ, – Көкбөрінің әулетінен екенбіз. Ол да мына біз сияқты ас десе аранына ие бола алмай қалатын тежеусіз неменің бірі ме еді?.. Олай дейін десек, Көкбөрінің жұлымыр жұра-ғатынан саналатын қасқырдың қойға шапқаны болмаса, қылтамақтан алғанының бәрін қылғытып салғанын көре қойған жоқпыз. Қаз екеш, қаз да тойғанына емес, орғанына семіреді. Тәбет те Нәпсінің бір ныспысы. Іштегі жылан – ашқарақ ылаң. “Іштен шыққан жау жаман” демекші, нәпсісін тыя алмаған қу пендешілік Құдайдың ұлынан құлқын-ның құлына дейін құлдыраса керек. Сырт көз – сыншы. Өзімізді бір сәт өзгенің көзімен өлшемдесек, Тәбет деген тәп-тәуір сөзді Төбет деген таптаурын сөзге айырбастай салмас едік қой. Әйтпесе, ішіп-жеу де мақтан ба, тәйірі?! Бәрінен де пақырға парымаған, дарақыға дарымаған сөз обалын айтсайшы…

И. Сапарбай

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *