Тазы киікті көрген бойда қуа жөнеліпті. – Әуре болма, бәрібір маған жете алмайсың, – депті Киік. – Неге? – депті екпінін де, ентігін де баса алмай келе жатқан Тазы.– Неге дейтінің бар ма, мен өзімді құтқару үшін, ал сен бар болғаны қожайыныңа жағу үшін жан салып келе жа-тырсың, – депті Киік алыстай түсіп.
И. Сапарбай