Сөз

“Сөз бір шарап сияқты, одан бастың ауыруы да, жазы-луы да мүмкін,– дей келіп патша (“Қауыснама”) ұлына мынадай өсиет айтады: адам үш түрлі, сөз төрт түрлі болады, балам. Адамның бірінші түрі – біледі және білген сайын біле түссем дейді. Екінші түрі – біледі, бірақ біле тұра “білмеймін” деп бұлтарады. Бұлар – қу, зымиян, залымдар. Олардан мейлінше сақ болған жөн. Үшіншісі – білмейді және білгеннің тілін алмайды. Олар – ессіз, есірік, нақұрыс, надандар. Бұлардан да алыс, аулақ жүр-ген дұрыс. Ал енді, ұлым, мынаны да ұғып ал: сөз – төрт топқа бөлінеді. Біріншісі – білуге де, айтуға да қажеті жоқ сөздер. Екіншісі – білуге де, айтуға да қажетті сөз-дер. Үшіншісі – білуге қажеті жоқ, бірақ айтуға болатын сөздер. Төртіншісі – білуге керекті, бірақ айтуға болмай-тын сөздер”. Осы үш түрлі адамның, айтыңызшы, сіз қайсысына жатасыз? Сөзіңіз де соған байланысты…

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *