Сөз – жанның тілі. Ән – жүректің мұңы. Тіл – рухтың үні! Жан кеудеден ұшқанда сөз өледі. Мұңның аясында сағыныш, аңсау, аяу, арзу, қаяу, уайым, қайғы, зар бар. Мұны жеткізе алмаған ән жүректі қаппайды, есте қалмайды, ескен желдей елеусіз өте шығады. Құлақта тек ызыңы қалады. Ал рухтың жөні бір басқа! Өз тілінде сөйлей алмаған Адам – рух атаулыдан ада, мүгедек бір бейшара. Ұлттық сана-сезімнен саяқ жанда тұрақ та жоқ, тиянақ та жоқ. Руханият – ұлттық үрдіс пен дәстүрдің жиынтығы болса, оның тегі де, төркіні де – Рух. Өз рухының үнін өшірген жан ешкімге опа бермейді. Сатқын да, опасыз да, ождансыз да, отансыз да солардың арасы-нан шығады! Тәңірім тексіздіктен сақтасын.
И. Сапарбай