Әрине, сен сымбаттысың, сәулем. Сымбатыңа сай сының да, сәнің де келіскен, Періштем. Сырға да кенішсің, сиқырыңа да келістім. Бірақ сенен де қымбат, сенен де жұмбақ бір әлем бар, жаным. Ол – Уақыт. Шын жүйрік тағасыз, шын қымбат бағасыз. Сенің қымыздай қызығыңды, уыздай қылығыңды сол Уақытқа қидым. Кешіре гөр мені – ақылыңмен, көркіңмен, еркіңмен, дертіңмен… Ал, Уақыт дейсің бе? Уақыт, ол – өткеннің елесі, бүгіннің енесі (анасы), ертеңнің еншісі. Өткен – келер-кетер түсім. Бүгін – болар-болмас ісім. Ертең – қонар-қонбас құсым. Менің тағдырым осы үшеуіне бірдей қатысты. Бақытым да, сорым да сонда… Мен саған гүл сыйлайын – өзімді қосып. Сен маған Уақыт сыйла – сезімді қосып. Жарай ма, жаным?..
И. Сапарбай