Сана-сезімнен ада-күде адам болмайды. Ол туабітті қасиет. Алғашқы әні – ана әлдиі, алғашқы дәмі – ана сүті, алғашқы дәні – ана мейірі. Өсе, есейе келе бұл міндет қоғам мойнына жүктеледі. Егер арамызда ата-ананы, үлкен-кішіні сыйлаудан қалған адам болса, оған кінәлі қоғам. Бойымыздағы рухани мүгедектікті типтік құбылыс деп түсінсек, қателескеніміз. Тән мүгедектігі тағдырдан, жан мүгедектігі қоғамнан! Алғашқысынан жеке адам зардап шексе, соңғысы қоғам ағзасына аса қатерлі кесел! Оның қауіп-қатері бұрынғы оба, бүгінгі СПИД-тен де артық екенін бір сәт те естен шығармаған жөн.
И. Сапарбай