Оқымысты

Бұрын кезіккен жұрттың бәрі маған оқымпаз, іздемпаз, білімпаз болып көрінуші еді. Ал қазір сол адамдардың ақ-қарасы айқындалып қалғандай. Қайсыбіреуі детек-тивтің соңынан дедектеп жүр. Жүріп те, тұрып та оқи-тыны – оқиғасы ойға опа бермейтін, желісі желең, жал-ғасы жалаң бірдеңелер. Сары сағыздай созылғанымен санаңда сарқыты да қалмайтын сабынның алқындысы ақылыңа ақыл қоса ма? Ендігі біреулері ертеден кешке дейін сканворд шешумен әлек.Қайран, менің қаракөз оқырманым, Қанбазарға қайдан кеп топырладың? Стандартқа ешқандай симайды екен, Сканвордқа шұқшиып отырғаның.Сағыз демекші, қанша шайнасаң да ол шіркіннің ауыз-ға бәс, ағзаға ас болғанын кім көрген? “Күбісіне қарай піспегі” деген осы. Нағыз кітаптың орнын сағыз кітап басты.Бөздің бәсі озып, сөздің нәші кетіп болған заманға тап келдік. Обалың кімге, Оқырман?

И. Сапарбай

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *