Күлшелі бала

Әр ұлт-ұлыс өзінің балалық, ерке, есею, даналық және қартаю кезеңдерін басынан кешіреді. Батыс қазір даналық дәуірін тауысып, қартаюға ауысып отыр. Шығыс өз тізгінін Батысқа бергелі бағытынан да, бақытынан да ай-рылды. Ендеше оны да “ісегінен қартаю” сәті күтіп тұр. Өз тағдырына өзі ие бола алмаған адамның, не елдің қо-жайыны көп болады. Аңызды алданыш тұтып, ертегіге ұйыйтын аңғалдығыңыз, әрі кетсе, балалықтың бір түрі.Біздің де есіміз кіресілі-шығасылы. Қашан көрсең ба-рымыздан айрылып, жоғымызды түгендей алмай жүр-геніміз. Ата-баба дәстүрінен баз кешуге айналдық. Ал дәстүр деградацияға ұшыраған жерде қоғам ағзасы аз-ғын-тозғынға бой алдырады. Дәстүр ұмытылған күні ұлт ұлттығынан айрылып, дүбара-дүмше күй кешеді. Шариғат пен салт-дәстүрді біріктіргенде ғана қазақ – әрі мұсылман, әрі қазақ болып қалады. Салт-сана, үрдіс-дәстүр ешуақытта да ескірмейді, жаңармаса, жаңғырма-са. Ал шариғат бастауы қасиетті Құран-кәрім.Бүгін, ертең деп жүріп алмай, балалық кезеңнен тезі-рек арылуымыз керек. Шәркез шолжаңдық шалағай ба-лалыққа ғана тән. Баланы кім көрінген басынады. Біз қазір өңгенің көзімен қарағанда – “күлшелі баламыз”. Ал баланың (қазақтың) қолындағы күлшеге ит те, доңыз да, түлкі де, қарға да… көз сұғын салады. Алдымызда есею кезеңі тұр. Даналықтың ауылы әлі алыс. Ал қартаю дегеніңіз оп-оңай.

И. Сапарбай

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *